
Өскеменде қайың ағаштарын кесіп тастаған медициналық мекеме жауапқа тартылды.
YK-news.kz ақпаратына қарағанда, ағаштар Абай даңғылындағы амбулаториялық орталық аумағында (бұрынғы №1 қалалық аурухана территориясы) орналасқан.
«Аталған дерек бойынша мекеме жасыл желектерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды», — деп мәлімдеді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полицияның хабарлауынша, мекеме басшылығымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Полиция департаментінің мәліметінше, жаза ретінде мекемеге 1 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Айта кететін жайт, Қостанай облысында өртеніп кеткен орманның ағаштары аукционға қойылған болатын.