
Яна Легкодимованы аса қатыгездікпен өлтірген Алтынбек Катимов пен Ризуан Хайржанов Атыраудағы тергеу изоляторынан өмір бойына сотталғандарға арналған колонияға жеткізілді.
«Рәсімге сәйкес, сотталғандарға жөнелту туралы бір сағат бұрын ғана хабарланады. Оларды басқа да тұтқындармен бірге арнайы вагонмен алып кетті», – деп хабарлады дереккөз.
Сотталғандар үкім шыққанына қарамастан бірнеше ай бойы тергеу изоляторында болған.
Яна Легкодимова өлімі
2025 жылы Атырауда 23 жастағы бойжеткенді өлтіргендер өмір бойына сотталды.
Қайғылы жағдай 2024 жылдың 18 қазанында болған. Яна Легкодимова танысының қоңырауынан кейін үйінен шыққан. Тіпті сырт киімін де алмаған. Қызды көлікке отырғаннан кейін ешкім көрмеген.
Анасы іссапардан келгеннен кейін бірден дабыл қағып, тергеу барысында полиция қыздың күнделігін тапқан. Ол жерде Р. есімді жігіттің аты аталған. Сол арқылы 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Қамитовті тапты.
Ризуан Янаны көлік ішінде буындырған. Ал Алтынбек қыз қашып кетпеуі үшін есікті ұстап тұрған. Кейіннен олар Талдыкөл ауылына қарай барып, қыздың мәйітін Жайыққа тастаған.