
Президент әкімшілігі басшысының бұрынғы орынбасары Ерболат Досаев «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің директорлар кеңесінің құрамынан шықты.
KASE-де жарияланған ақпаратқа сәйкес, директорлар кеңесінің құрамын өзгерту туралы шешім 2026 жылдың 7 сәуірінде қабылданған. Ерболат Досаев «Бәйтерек» холдингінің директорлар кеңесіне биыл қаңтар айында кірген еді.
Қазір ұйымның құрамында Премьер-министр Олжас Бектенов, Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, Серік Жұманғарин, Мади Такиев, Ерсайын Нағаспаев, Рустам Қарағойшин, Дэниель А. Витт, Мэри-Елен Берар, Манфред Грундке бар.
25 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерболат Досаевты президенті әкімшілігі басшысының орынбасары қызметінен босатқан.
Шенеунік осы қызметте шамамен жарты жылдай отырған. Досаевты президент әкімшілігіне 2025 жылғы 19 қыркүйекте тағайындаған. Оның алдында Алматы қаласын басқарған.
Сонымен қатар 2 сәуірде Ерболат Досаевтың «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорынан шыққаны белгілі болған болған еді.