
«Мемлекеттік кредиттік бюро» бес топ-менеджеріне 2025 жыл үшін 200,4 млн теңге сыйақы төлеген. Бұл мекеме бүкіл қазақстандықтардың несие тарихын жинайды.
Қаражат бюроның басқарма құрамына, атап айтқанда, басқарма төрайымы Линара Әнуарбекова бастаған бес басшыға бөлінген. Олардың қатарында төрайымның үш орынбасары: Айнель Жүндібаева, Сергей Спиридонов және Айдын Құлсейітов, сондай-ақ басқарушы директоры Ирина Афанасьева бар.
Аталған басшылық құрамның өкілеттіктері 2025 жыл ішінде қабылданған шешім негізінде бекітілген. Бөлінген соманың ішінде жалақы мен барлық қосымша төлемдер есептелген.
Сонымен қатар компания 2025 жылы 3,3 млрд теңге таза пайда тапқан. Бұл пайдасын компания меншігінде қалдырып, дивиденд төлемейді.
2012 жылы құрылған ұйым толық Ұлттық банкке тиесілі.