Жаңалықтар

Қазақ-қырғыз шекарасында жер сілкінді

жер сілкінісі
Қос ел шекарасында жер сілкінді/ фото: shutterstock

22 сәуірде Қырғызстан мен Қазақстанның шекарасында орналасқан Григорьевка ауылы аймағында жер сілкінді.

Қырғызстан Сейсмология институты жерасты дүмпулері Астана уақытымен сағат 04:26-да тіркелгенін хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында, Күнгей Алатау тауларында, Григорьевка ауылынан солтүстікке қарай 23 шақырым жерде және Кожояр ауылынан солтүстік-батысқа қарай 22 шақырым жерде орналасқан.

Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісі сезілген жоқ. Қазақстан сейсмологтары бұл жер сілкінісі туралы ақпарат жариялаған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін 12 сәуірде Каспий теңізінде бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелген.