
Райымбек ауданының Нарынқол ауылында 23 сәуірде «Нарынқол-Антитеррор-2026» антитеррорлық оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлады облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтан.
Штаб мәліметінше, іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың күштері мен құралдарының террористік қауіптердің жолын кесуге дайындығын тексеру.
Оқу-жаттығу кезінде халық пен автокөлік қозғалысына уақытша шектеулер қойылуы мүмкін.
Тұрғындарды іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және мемлекеттік орган қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырды.
Бұған дейін 17 сәуірде Алматыда «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешені аумағында да жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығулар өткенін жазған едік.