
Бүгін, 22 сәуірде, Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Cup (Әлем кубогі) турнирінің алғашқы кезеңі аясында Қазақстан құрамасының бірнеше боксшысы шаршы алаңға шығады.
Бұл жарыс – жаңадан құрылған World Boxing федерациясының 2026 жылғы маусымдағы ең ірі додаларының бірі. Турнирге әлемнің 50-ден астам елінен 400-ге жуық былғары қолғап шебері қатысуда.
Күндізгі сессия (Басталуы: 19:00)
Күндізгі сессияда Қазақстан намысын екі тәжірибелі боксшы қорғайды. Оның бірі 54 кг салмақтағы Назым Қызайбай Виктория Рогалинскамен (Польша) жұдырықтасады.
Екінші боксшы 70 кг салмақтағы – Фарух Тоқтасынов. Фарухты әлем чемпионы, жапониялық Оказавамен қиын жекпе-жек күтіп тұр.
Кешкі сессия (Басталуы: 01:00)
Түнгі уақытта жанкүйерлер төрт бірдей қазақстандықтың өнерін тамашалай алады. Атап айтар болсақ, 60 келі салмақта Виктория Графеева Әзербайжан боксшысы Эмили Рзаевамен шығады.
Ал 70 кг салмақтағы Наталья Богданова Олимпиада және әлем чемпионы түркиялық Сюрменелиге қарсы тұрады.
Ерлер арасында 50 келі салмақтағылар қатарында Даниал Сәбит Мажарстанның былғары қолғап иесі Иштван Шзакамен бақ сынаса, Диас Молжігітов пен Марлон Севехон жұдырықтасады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында топ жарған еді.