Жаңалықтар

Каспийге аспаннан белгісіз нысан құлады – Гарнизон жауабы

Каспий
Каспийге аспаннан белгісіз нысан құлады – Гарнизон жауабы / фото: shutterstock

Ақтау гарнизоны әлеуметтік желілерде Маңғыстау облысының Құрық елді мекені маңында түсірілген әуесқой видеодағы «белгісіз нысан» туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Осы жылдың 21 сәуірінде Құрық кентінен оңтүстік бағытта орналасқан теңіз полигонының акваториясында Әскери-теңіз күштерінің кемелері шартты нысаналарға практикалық ату жаттығуларын орындау бойынша жоспарлы тапсырмаларды пысықтады. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес, жаттығулар басталғанға дейін және аяқталғаннан кейін сигналдық ракеталар қолданылды. Видеода тіркелген құбылыстар жоспарлы оқу-жауынгерлік іс-шараларды өткізуге байланысты және халық үшін ешқандай қауіп төндірмейді», — деп хабарлады ведомстводан.

Азаматтарды сабыр сақтауға және тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.