Жаңалықтар

Қонаевта екінші ауысым оқушылары онлайнға көшеді

Қонаевта екінші ауысым оқушылары онлайнға көшеді / Фото: Shutterstock

Қонаевта 24 сәуір күні қаланың барлық мектебінде екінші ауысым оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысады.

Бұл шешім ауызсудың уақытша өшірілуіне байланысты қабылданды.

«24 сәуірде ауызсудың өшірілуіне байланысты қаланың барлық мектебінде екінші ауысымдағы оқу онлайн-форматқа ауыстырылды», – деп хабарлады әкімдіктен.

Судың өшірілуі ауызсу резервуарларын тазалау және хлорлау жұмыстарын жүргізумен байланысты болып отыр.

Сонымен қатар бірқатар аудандарда, соның ішінде Қарлығаш, Әсем-Тас, РЭЧ, Жұлдыз және 8–10 ықшамаудандарда су беру тоқтатылмайды.

Тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды және суды алдын ала жинап алуға кеңес береді.