
Атырауда екі қабатты ғимаратта орналасқан жекеменшік балабақшада өрт шықты, деп хабарлады облыстық ТЖД.
Өрт 23 сәуір күні сағат 15:20 шамасында басталған. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде, ғимараттың вестибюлі өртеніп жатқан.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін балабақша қызметкерлері сегіз баланы сыртқа шығарып үлгерген.
«Өрт салдарынан ауданы 24 шаршы метр болатын бөлме жанып кетті. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында тілсіз жаудың басқа бөлмелер мен жоғарғы қабаттарға таралуына жол берілмеді», – деп хабарлады ТЖД.
Ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда.
22 сәуірде Теміртауда үш баланы ток соқты. Оқиға құрылыс алаңында болған. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды, полиция қылмыстық іс қозғады.