
Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Білімнің бас құралы – кітап», ал білім жарысы «қазақ арасына білім тарататын кітаптар шығаруға болсын» деген. Адам баласының ерте кезден «үнсіз» серігіне айналған кітаптың құндылығы туралы айшықты ой айтқан данышпандар аз емес.
Кітап күніне орай солардың өзімізге ұнағандарын оқырман назарына ұсынамыз.
«Кей кітаптың дәмін ғана татамыз, басқасын жұта саламыз, бірен-саранын ғана ауыз тұшып оқимыз, қорытып нәр аламыз». Ф. Бэкон
«Өмірде биік рухани белестерді бағындыруға көмектескені үшін біз жақсы кітаптарға қарыздармыз». Р.Эмерсон
«Мұғалімнен және кітаптан өзіңізге нағыз қажетті әрі білгіңіз келетін нәрселерді ғана үйренгендерің жөн». Л. Толстой
«Әуелі кітаптың жақсысын таңдап оқыңыз, әйтпесе жалпы кітап оқып үлгермеуіңіз ықтимал». Г.Торо
«Кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді». Абай
«Кітап құнын білсе, білер білікті, ақылсыз жан нені сезіп, біліпті!?» Ж. Баласағұн
«Шын өмірдің бүгіп қалған сырын көркем шығарма ашып береді». Р.Эмерсон
«Әзіз кітап – бұл ұлылық негізі, біліктіге болғай білім теңізі!» Ж. Баласағұн
«Мен есірткіқұмар емеспін, кітапқұмармын». И. Бахман
«Адам өзін тану үшін кітап оқиды». Урсула Ле Гуин
Бас қатып, ой сан-саққа жүгіргенде жақсы кітап оқыңыз. Ойды жүйелеп, мазмұнды әңгіме құруға да кітап жәрдемдеседі.
Бүгін, 23 сәуірде Қазақстан халқы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген Ұлттық кітап күнін атап өтіп жатыр.