Жаңалықтар

Кремль қазақ мұнайы транзитінің тоқтауын «техникалық себеппен» түсіндірді

Песков назвал Казахстан привилегированным партнером России
фото: ашық дереккөзден

«Достық» құбыры қазақ мұнайын Германияға жөнелтпейтініне техникалық жағдайлар себеп болып тұр. Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәселені осылай түсіндірді.

Песков Қазақстанның мүдделері толық сақталатынын атап айтты. Сөзінше, серіктестер үшін мұнайдың қажетті көлемін жеткізу баламалы маршруттарды іске қосу есебінен қамтамасыз етілмек.

21 сәуірде Ресей қазақ мұнайын «Достық» арқылы Германияға тасуды доғаратыны белгілі болды. Кейінірек энергетика министрі Ерлан Ақкенженов ақпаратты растады, жағдайға ресейлік инфрақұрылымға жасалған соққылар себеп болуы мүмкін деп түсіндірді.

22 сәуірде РФ Вице-премьері Александр Новак транзиттің 1 мамырдан бастап тоқтатылатынын ресми хабарлады. Берлин де 2026 жылғы 1 мамырдан бастап қазақ мұнайы «Достық» құбыры арқылы Германияға айдалмайтыны туралы ескерту алды.

«Достық» мұнай құбыры – Қазақстан үшін маңызды маршруттың бірі. Былтыр осы құбыр арқылы Германияға 2,1 млн тонна мұнай жеткізілді. Биыл көлемін 3 млн тоннаға дейін жеткізу жоспарланған еді.