Жаңалықтар

Маңғыстау шаруалары өтемақы талап етті: 553 мал қырылған

Маңғыстау облысында жайылып жүрген түйе
Өңірде мал шаруашылығымен айналысу қиындады / фото: Facebook/George Cooper

Маңғыстау облысының шаруалары биліктен өтемақы талап етіп жатыр. Олар осындай өтінішін жергілікті Lada басылымының редакциясына жолдаған. Бұл уақытта өңірде қолайсыз ауа райынан 550-ден астам ірі және ұсақ мал қырылғаны мәлім болды.

Жергілікті билік мәліметінше, 20 сәуірде 237, ал 21 сәуірде 316 бас мал өлгені анықталды. Олардың ішінде 285 жылқы, 12 түйе, 261 қой мен ешкі бар. Қарақия ауданында екі күнде барлығы 553 мал қырылған. Олар нөсер жауын кезінде батпаққа батып, содан шыға алмай өлген.

Маңғыстау облысының әкімдігі қазір өлген малды санау, көму жұмыстары атқарылып жатқанын хабарлады. Өтемақы мәселесі бойынша арнайы комиссия құрылған.

Зардап шеккен тұрғындардың айтуынша, нөсер жауын мен дауыл үйлердің шатырларын ұшырып, қоршауларын қиратқан. Мал ұстап отырған адамдар шығынға батты. Оның үстіне шөпті де жел ұшырып әкеткен. Соған байланысты өңірде мал шаруашылығын жүргізу қиын болып тұр.

Бұған дейін Маңғыстауда нөсерден дейін мал қырылуына байланысты қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болған.