Қоғам

Прокурор Төлегенованы неге бас бостандығынан айыруды сұрағанын түсіндірді

Блогеры Жанабыловы отправлены под домашний арест по делу с розыгрышами
Жанабыловтар соттағы соңғы сөзін айтуға тиіс/фото: Instagram

Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенова шартты мерзімге сотталуы мүмкін. Блогерлер ісіндегі прокурор Олжас Хайруллаевтың айтуынша, айып тағылған бап санкциясында шартты жаза да, айыппұл төлеу де қарастырылған.

Алайда прокурор соңғы шешімді сот қабылдайтынын айтты.

Бұған дейін прокурор сот жарыссөзінде ерлі-зайыптыны мүлкін тәркілеп, төрт жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ Төлегенованың жазасын өтеу мерзімін бір жылға шегеруді сұрады. Сот отырысынан кейін БАҚ өкілдері прокурордан не себепті жазасын өтеуді тек бір жылға шегеруді сұрағанын білді.

«Сот жарыссөзінде өз ұстанымымызды айттық. Эльмира Төлегенованы да бас бостандығынан айыруды сұрадық. Кішкентай балалары бары ескерілді. Жазаны өтеуді бес жылға дейін шегеру мүмкіндігі бар. Біз жазасын бір жылдан кейін өтеуін сұрап отырмыз. Соңғы шешімді сот қабылдайды», – дейді прокурор Хайруллаев.

Қылмыстық іс

Қылмыстық іс 2026 жылдың наурызында басталды. Тергеу дерегіне сәйкес, 2025 жылы блогерлер аса ірі көлемде ақша табу мақсатында қылмыс жоспарын құрған. Алайда оқырмандар 30 мың теңгеге сатып алатын видеокурстардың білім беру және экономикалық мәні болмаған. Сондай-ақ бұл курстар бұрын да басқа платформаларда жарияланған.

Бұған дейін қылмыстық істегі прокурор Олжас Хайруллаев қылмыстық іс бойынша сот сараптамасы жүргізілгенін, соған сәйкес блогерлердің 247 млн теңгені қылмыстық жолмен тапқаны анықталғанын айтты.

Сотта ерлі-зайыпты тағылған айыпты ішінара мойындады.