Жаңалықтар

ҰҚК қызметкерлері Рудныйда пара алған полицейлерді ұстады

полиция
Рудныйда үш полицей пара алды деген күдікпен ұсталды/ Фото: Shutterstock

Рудный қаласының үш полиция қызметкері пара алды деген күдікпен ұсталды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Tobolinfo басылымының жазуынша, Қостанай облыстық Полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Сот шешімімен күдіктілер қамауға алынды.

«2026 жылдың 17 наурызында Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Полиция департаменті бірлесіп, Рудный қалалық криминалдық полиция бөлімінің үш қызметкерін ұстады», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Күдіктілерге қатысты Қылмыстық кодекстің 366-бабы, 3-бөлігі бойынша (Алдын ала тіл байласып, топ болып ірі мөлшерде пара бопсалау) қылмыстық іс қозғалды.

Егер күдіктілердің кінәсі дәлелденсе, олар пара сомасынан 60-70 есе көп айыппұл төлейді немесе 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Сондай-ақ, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырылады.

Бұған дейін Атырау қаласы полиция басқармасының бастығы Бақтыбек Исаевтың ұсталғанын жазған едік.