
Биыл Қазақстанда Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді. Десе де, 7-9 мамыр күндері бірқатар мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.
Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабековтің айтуынша, мереке күндері саптық концерттер өтеді. Онда қару-жарақ пен әскери техника көрсетіледі. Сонымен қатар шатырлар тігіліп дала асханасы ұйымдастырылады. Мереке алаңына келушілерге тегін «сарбаз ботқасы» таратылады. Іс-шараларға Ұлы Отан соғысының ардагерлері де шақырылады.
Журналистер мерекені өткізуге қанша қаражат жұмсалатынын да сұрап көрді.
«Бұл іс-шараларға біз қаражат бөлмейміз. Оны жергілікті органдар ұйымдастырады», – деп мәлімдеді ол.
Әр қаладағы іс-шаралардың нақты бағдарламасы мерекеге жақын уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.