Жаңалықтар

Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен барған

Алматыда оқушы қыз қолына балта алып мектепке барған
Алматыда оқушы қыз мектепке балтамен барған/фото: ашық дереккөз

Алматыда кәмелетке толмаған қыз мектеп балта ұстап барған. Оқушының мұндай әрекетке баруына әлеуметтік желідегі нұсқаулар себеп болған.

Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қызметкерлер дер кезінде әрекет етіп, мүмкін болған қайғылы оқиғаның алдын алған.

Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ жасөспірімді осы іске тартуға қатысы болуы мүмкін тұлғалар анықталып жатыр. Жасөспірімнің заңды өкілдеріне қатысты тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша тергеу басталды», – деп хабарлады полиция.

Айта кетейік, сәйкес оқиға Атырау облысы Құлсары қаласында болған. 5 ақпан күні Құлсары қаласында 10-сынып оқушысы мектепте қатарластарымен жанжалдасып, оларға балта ала жүгірген.