Lifestyle

C.C. Catch, Роза Зергерли, Мот: мамыр айында Алматыда кімдер концерт береді

коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2026 жылдың мамыр айы Алматы үшін нағыз «жұлдызды ай» болмақ. Қала әкімдігі жариялаған іс-шаралар кестесіне сәйкес, оңтүстік астанамызға әлемдік деңгейдегі поп-орындаушылардан бастап, аты аңызға айналған еуродиско жұлдыздарына дейін келеді.

Мамыр айының басты оқиғалары

8 мамыр күні Республика сарайында 80-жылдардағы еуродисконың жарық жұлдызы, «I Can Lose My Heart Tonight» және «Cause You Are Young» хиттерінің авторы C.C. Catch лақап атымен танымал Каролина Мюллер Алматы аспанын әнге бөлейді. Ретро музыка сүйер қауым үшін бұл таптырмас кеш.

8-9 мамыр – «Руки Вверх!»

Сергей Жуков бастаған ұжым Almaty Arena-да екі күн қатарынан өнер көрсетпек. 90-жылдардың басты хиттерін мыңдаған көрерменмен бірге шырқау қала тұрғындарының дәстүріне айналғандай.

16 мамыр – SOLANA фестивалі

Бұл айдың ең ірі оқиғасы Орталық стадионда өтетін SOLANA фестивалі. Бір сахнада әлемдік музыка индустриясының алпауыттары өнер көрсетеді:

  • Nicole Scherzinger (The Pussycat Dolls тобының солисі)
  • Timbaland (Аңызға айналған продюсер және әнші)
  • Tyga мен Busta Rhymes (Рэп әлемінің жұлдыздары)
  • Flo Rida мен Keri Hilson

Бұл фестиваль Алматыда алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

18 мамыр – «Музей түні»

Тек музыка ғана емес, мәдениетті жаны сүйетін қауым үшін дәстүрлі акция. Осы күні қаланың барлық ірі музейлері түн ортасына дейін есігін айқара ашып, арнайы бағдарламалар ұсынады.

21 мамыр – Мот (Almaty Arena)

Лирикалық рэп пен поп-музыканың шебері Мот өзінің «Август — это ты», «Капкан» секілді хиттерін орындайды.

25 мамыр – Роза Зергерлі

Әзербайжан эстрадасының танымал әншісі мамыр айының концерттік марафонын Республика сарайында қорытындылайды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қайрат Нұртас украиналық әнші Лободамен бірге дуэт орындайтынын жазған едік.