Жаңалықтар

ЕуроОдақ соғыс басталғалы Украинаға 195 млрд еуро көмек берді

ЕО-тың Украинаға көмегі / фото: gemini generated

Еуропалық Одақ Ресейдің басқыншылық соғысы мен Украина жерін заңсыз басып алу әрекеттеріне қарсы тұрып, Украинаны бірауыздан қолдайды. ЕуроОдақ : «Біз Украинаға және оның халқына қанша қажет болса, сонша уақыт бойы саяси, қаржылық, экономикалық, гуманитарлық, әскери және дипломатиялық көмек көрсетуді жалғастыруға толықтай дайынбыз» – деді.

Украина мен украиналықтарға ЕО-ның жалпы қолдауы

194,9 млрд еуро көлеміндегі қолдау, оның ішінде:

Еуропа командасының қолдауы

104,5 млрд еуродан астам қолдау, оның ішінде:

ЕО-ның Украинаға көрсеткен жалпы көмегі

Ресейдің соғысы басталғалы бері ЕО-ның Украинаға берген жалпы көмегі 194,9 млрд еуроға жетті. Бұл қаражаттың ішіне «Team Europe» (Еуропа командасы) тарапынан Украинаның экономикалық, әлеуметтік және қаржылық тұрақтылығын сақтауға бөлінген 104,5 млрд еуродан астам қаржы кіреді. Сонымен қатар, әскери көмекке 69,7 млрд еуро, Еуропалық Одақ елдеріне барған украиналықтардың қажеттіліктерін өтеуге 17 млрд еуроға дейін және бұғатталған ресейлік активтерден түскен пайда есебінен 3,7 млрд еуро бөлінді.

«Team Europe» ұйымдастырған көмек

ЕО, оған мүше мемлекеттер мен қаржы ұйымдары Ресейдің шабуылына жауап ретінде күш біріктіріп, «Team Europe» тәсілін қолдануды ұйғарды. Бұл дегеніміз – Украинаға барынша тиімді әрі ауқымды көмек көрсету үшін барлық ресурстар мен тәжірибені ортаға салып, бірлесіп жұмыс істеу. Соғыс басталғалы бері «Team Europe» Украинаға 104,5 млрд еуродан астам көмек көрсетті. Бұл қаржы бірнеше бірнеше жақтан келді:

  • 43,3 млрд еуро – Украинаның кезек күттірмейтін (шұғыл) мұқтаждықтарын жабуға арналған макроқаржылық қолдау;
  • 36,8 млрд еуро – «Ukraine Facility» бағдарламасы аясындағы тікелей және жанама көмек;
  • 15 млрд еуро – Еуропалық Одаққа мүше елдердің өз тарапынан көрсеткен тікелей қолдауы.
  • 2,8 млрд еуро – ЕО кепілдігімен Еуропалық инвестициялық банк пен Еуропалық қайта құру және даму банкі берген қарыз қаражаты.

Сондай-ақ гуманитарлық көмекке 1,3 млрд еуро, екіжақты ынтымақтастыққа 1,2 млрд еуро және қолдаудың басқа да түрлеріне 3,9 млрд еуро бағытталды.

Еске сала кетейік, 23 сәуірде Еуропа одағы Ресейге қарсы санкцияларының осымен 20-пакетін жариялады. ЕО-ның «қара тізіміне» кіргендердің ішінде Қазақстанның United Trading Group компаниясы да бар.