Жаңалықтар

Қазатомөнеркәсіп шілде айында рекордтық дивиденд төлейді

Қазатомөнеркәсіп дивиденд төлейді / фото: gemini generated

«Қазатомөнеркәсіп» Директорлар кеңесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша бір акцияға 1 292,27 теңге көлемінде рекордтық дивиденд төлеуді ұсынды, жалпы алғанда 335,2 млрд теңгені құрайды.

Көрсеткіш компанияның 2024 жылғы тарихи максимумынан асып түсті. Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы бір акцияға 1 264,12 теңге (жалпы 327,9 млрд теңге) төленген болатын.

Акционерлер тізілімін тіркеу күні 27 шілдеде болса, 28 шілдеден бастап дивиденд төлей бастайды.

Анықтама

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – уран, сирек металдар, атом электр станцияларына арналған ядролық отын импорты мен экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. 2009 жылдан бері Қазақстан табиғи уран өндіру бойынша әлемдік көшбасшы.

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ дивидендтер төлеу тарихы

Бір акцияға шаққандағы төлем (теңге) және жылдық кірістілік (%)

Әлемдегі ең ірі уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы 2025 жылдың қорытындысы бойынша таза пайдасы 29%-ға төмендеп, 807 миллиард теңгені құрағанын хабарлады.