
Америкалық General Motors жаңартылған Chevrolet Sonic моделін таныстырды. Кроссоверге айналған модель Оңтүстік Америка елдерінің нарығында сатылымға шықты.
Көлік жақын уақытта дебют жасайтын Бразилияда да арзан модельдердің бірі болуы мүмкін. Модель Chevrolet Onix Activ пен Chevrolet Tracker арасындағы сегментте болады.

Жаңа кроссовер гибридті жүйемен де жабдықталуы мүмкін. Автокөлік 48 вольттық жүйемен және шағын 1,2 литрлік үш цилиндрлі қозғалтқышпен жабдықталмақ.
Еске салайық, Chevrolet бренді Өзбекстан нарығының 82%-ын иеленеді. 2025 жылы елде барлығы 433 327 жаңа автокөлік сатылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 8%-ға көп.