Жаңалықтар

Отбасы банк депозитіндегі бағалау көрсеткіші неге төмендейді– сарапшы түсіндірді

Фото: kursiv.media архиві

Қаржы сарапшысы Отбасы банк салымшыларының бағалау көрсеткіші қандай себептермен күрт төмендеп кетуі мүмкін екенін түсіндірді.

Бағалау көрсеткіші жоғары болып, кейін күрт төмендеп кететін жағдай жиі кездесіп жатады.

Сұлтан Елемесовтің айтуынша, мұндай жағдайдың басты себебі депозит ашу кезінде жіберілетін қарапайым қателіктер.

«Мүмкін, депозит ашқан кезде шартта көрсетілген сома дұрыс енгізілмеген», деді ол.

Дәл осы көрсетілген сомаға қарай бағалау көрсеткіш есептеледі. Егер сома төмен көрсетілсе немесе қате енгізілсе, бастапқыда көрсеткіш жоғары болып көрінуі мүмкін, ал кейін қайта есептеу кезінде төмендеп кетеді.

«Қарапайым мысал: егер сіз 50 млн теңгеге пәтер алуды жоспарласаңыз, шартта дәл осы сома көрсетілуі керек. Егер бірнеше депозит болса, әрқайсысын тексеру қажет. Сомалар сәйкес келмесе, қорытынды БК дұрыс есептелмейді», деп атап өтті сарапшы.

Еске салайық, «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы (ҚТЖ) мен Отбасы банк теміржолшыларға әлеуметтік қолдау көрсету үшін тұрғын үй бағдарламасын бастады.