Жаңалықтар

Астанада маңызды көшелердің бірі бір аптаға жабылады

Фото:kursiv.mediа, Асқар Ахметуллин

Астанада А.Байтұрсынұлы көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады. Бұл туралы елорда әкімдігі хабарлады.

Маңызды көшедегі қозғалыс шамамен бір аптаға шектеледі.

Қай жерде шектеу енгізіледі

«Астанада А.Байтұрсынұлы көшесінің А 52 көшесінен С.Шәймерденов көшесіне дейінгі аралығында орташа жол жөндеу жұмысы жүргізіледі», – деп хабарлады елорда әкімдігі.

Фото: Астана әкімдігі

Осыған байланысты, 24-27 сәуір аралығында аталған учаскеде көлік қозғалысы ішінара жабылатын болады.

Әкімдік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлау қажеттігін ескертті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.