
«Қазгидромет» мамандарының хабарлауынша, 25 сәуірде елдің жеті өңірінде ауа сапасы нашарлайды. Олар: Алматы, Балқаш, Риддер, Семей, Өскемен, Қарағанды және Теміртау қаласы.
Ауаның ластануына желдің тым әлсіз болуы, тұман, температуралық инверсия сияқты факторлар әсер етеді.
Мұндай кезде зиянды заттар атмосферада таралмай, жерге жақын қабатта жиналып қалады. Соның салдарынан ауа сапасы төмендеп, адам денсаулығына қауіп артады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде ашық ауада жүру уақытын қысқарту керек. Әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында абай болған жөн. Балалар мен жүкті әйелдерге ұзақ серуендеуден бас тарту қажет.
Айта кетейік, бүгін, 25 сәуірде елдің оңтүстігінде +30 градусқа дейін күн жылынады. Солтүстік пен батыста найзағай жауады деп болжануда.