
Алматы облысында бірнеше күн бұрын жоғалып кеткен 14 жасар жасөспірім қыз табылды. Іздестіру шараларының нәтижесінде ол аман-есен туыстарына қайтарылды.
Еріктілер орталығының хабарлауынша, қыздың денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлерімен қатар еріктілер мен жергілікті тұрғындар да жұмылдырылған.
Полиция өкілдері жасөспірімнің қай жерде болғанын және жоғалып кету себептерін анықтап жатыр. Қазіргі уақытта баламен психологтар жұмыс істеуде.
Тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларына мұқият болып, олардың жүрген жерін бақылауда ұстауды сұрайды.
Сәуірдің басында Қарағанды облысы, Абай ауылында 14 жастағы бала жоғалып, кейіннен табылған еді. Дәл сол уақытта Түркістанда жоғалып кетіп, бір апта бойы іздеген жасөспірім де табылды. 16 жастағы жасөспірім Шымкентте жүрген.