
Алматы облысының Қарасай ауданында құтқарушылар Сәтбаев шыңы (теңіз деңгейінен шамамен 4300 метр биіктікте) ауданында көтерілу кезінде жоғалып кеткен туристі тапты.
Ер адам алты адамнан тұратын топтың құрамында болған, бірақ кері оралмай, байланысқа шығуын тоқтатқан. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол бағдарсыз және байланыссыз биік таулы аймақта қалып қойған.
Іздестіру жұмыстарына ҚР ТЖМ «Барыс» республикалық қызметінің құтқарушылары Алматы ТЖД қызметкерлерімен бірлесіп бірден шықты. Жұмыстар таудағы күрделі жағдайда және түнде жүргізілді.
Турист Советтер шыңының астындағы «Әткеншек» (Качели) ауданынан табылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды, медициналық көмек қажет болмады. Құтқарушылар ер адамды биіктіктен эвакуациялап, қауіпсіз жерге дейін ертіп барды.