Жаңалықтар

Байқоңырдан жүк тиелген зымыран ұшырылды

С Байконура запустили ракету с грузом для МКС
Байқоңырдан жүк тиелген зымыран ұшырылды / Фото: roscosmos.ru

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Прогресс МС-34» жүк кемесі тиелген «Союз-2.1а» зымыраны Халықаралық ғарыш станциясымен түйісу 28 сәуір күні сағат 05:01-де болады деп күтілуде.

Роскосмос мәліметінше, кеме ХҒС-қа 2,5 тоннадан астам жүк жеткізеді. Оның ішінде станцияға жанармай құюға арналған отын, экипажға арналған азық-түлік, ауыз су, санитарлық-гигиеналық құралдар және ішкі атмосфераны сақтауға арналған оттегі бар. Сондай-ақ, орбитаға ашық ғарышқа шығуға арналған жаңа «Орлан МКС» скафандры жіберілді.

Сонымен қатар, станцияға ғылыми тәжірибелерге арналған жабдықтар мен материалдар жеткізіледі. Олардың қатарында VR-технологиялардың көмегімен салмақсыздықтың адамның көру қабілеті мен бағдарлауына қалай әсер ететінін зерттейтін «Виртуал» жобасы бар. Сондай-ақ, орбитаға «Нейроиммунитет» (стрестің иммундық және жүйке жүйесіне әсері), «Коррекция» (ғарышта сүйек массасының жоғалуы), «Биодеградация» (микроорганизмдердің материалдарға әсері) және «Сепарация» (суды регенерациялау жүйелерін жақсарту) тәжірибе жасау тапсырмалары жіберілді.

Айта кетейік, осыған дейін 23 сәуірде таңертең Байқоңырда Прогресс МС-34 жүк кемесін ұшыру алаңына шығару басталғанын жазған едік.