Жаңалықтар

Макинск қаласында жасөспірім бұрынғы сыныптасын пышақтап кетті

Бывший одноклассник ударил подростка ножом в Макинске
Макинск қаласында жасөспірім бұрынғы сыныптасын пышақтап кетті / Фото: instagram.com/turar_media/

Ақмола облысында 18 жастағы жігіт пышақ жарақатымен ауруханаға түсті. Қылмысқа оның бұрынғы сыныптасы күдікті деп танылуда.

nayza_kokshe басылымының хабарлауынша, оқиға кешкі уақытта жастар волейбол ойнап жатқан стадионда болған. Бір сәтте оларға маска мен капюшон киген белгісіз жігіт жақындап келіп, кенеттен пышақ шығарып, ойыншылардың біріне шабуыл жасаған. Қылмысқа басқа жасөспірімдер куәгер болған.

Зардап шеккен жігіт жедел түрде ауруханаға жеткізілді.

Ақмола облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады. Күдікті ұсталды, ол жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы болып шықты.

«Қылмыс жасағаны үшін жәбірленушінің бұрынғы сыныптасы ұсталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қазіргі уақытта іс бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр, ол полиция басшылығының бақылауына алынған.