Жаңалықтар

Нетаньяху Ливандағы «Хезболла» нысандарына соққы беруді бұйырды

Нетаньяху Ливандағы «Хезболла» нысандарына соққы беруді бұйырды / Фото: shutterstock

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху Ливандағы «Хезболла» қозғалысының нысандарына қуатты соққылар жасау туралы бұйрық берді, деп хабарлады Израиль премьерінің кеңсесі.

«Үкімет басшысы Нетаньяху Израиль қорғаныс армиясына Ливандағы «Хезболла» нысандарына қуатты соққылар беруді бұйырды», — делінген мәлімдемеде.

Бұған дейін 8 сәуірде Израиль қорғаныс армиясы Ливанның бүкіл аумағына ең ауқымды соққылар сериясын жасаған. Израиль әскерилері өз мәлімдемесінде бұл шабуылдың нақты барлау мәліметтеріне негізделгенін және бірнеше апта бойы мұқият жоспарланғанын атап өтті.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп бейсенбі, 16 сәуір күні Израиль мен Ливан басшыларының телефон арқылы сөйлесу барысында бейсенбіден жұмаға қараған түннен бастап атысты тоқтатуға келіскенін мәлімдеген еді.