Жаңалықтар

«Үздік мүғалім»: Трамптың журналистермен кездесуінде кім оқ атқаны белгілі болды

Трамп
«Үздік мүғалім»: Трамптың журналистермен кездесуінде кім оқ атқаны белгілі болды / Фото: Shutterstock

25 сәуір күні кешке АҚШ президенті Дональд Трамптың қатысуымен өткен Ақ үй тілшілері қауымдастығының кешкі асында оқ жаудырған адам Калифорния штатының 31 жастағы тұрғыны Коул Аллен болып шықты, деп хабарлайды CNN құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап.

Аллен кешкі ас өтіп жатқан Washington Hilton қонақүйінің банкет залына кіре берісте оқ жаудырған. Оның ниеті әлі анықталған жоқ, бірақ Дональд Трамп бұл оқиғаны Ирандағы қақтығыспен байланыстырмайтынын мәлімдеді.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқ атқан адам бытыралы мылтықпен (дробовик), тапаншамен және бірнеше пышақпен қаруланған және жалғыз әрекет еткен. Аллен кемінде бестен сегізге дейін оқ атқан. Алленнің өзі құқық қорғау органдарына Ақ үй әкімшілігінің мүшелерін атып өлтіруді жоспарлаған.

Колумбия округі полициясы бастығының міндетін атқарушы Джефф Кэрроллдың айтуынша, ер адам кешкі ас өткен Washington Hilton қонақүйінің тұрғыны болған. Оның қонақүйге қашан орналасқаны нақтыланбаған.

Аллен 2017 жылы Калифорния технологиялық институтын бітіріп, машина жасау саласында бакалавр дәрежесін алған. Ол C2 Education компаниясында репетитор болып жұмыс істеген. 2024 жылдың желтоқсанында ол мұнда «Үздік мұғалім» деп танылған. Сондай-ақ, Аллен видеоойындар әзірлеумен айналысқан: 2018 жылы Steam платформасында осы уақытқа дейін сатылып жатқан инди-жобасын шығарған.

БАҚ хабарламасына сәйкес, Аллен демократтарды қолдайды. Федералдық сайлау комиссиясының мәліметінше, 2024 жылдың қазан айында ол Камала Харристің президенттік науқанына 25 доллар қайырымдылық жасаған.

Федералды прокурор Джанин Пирро хабарлағандай, шабуылдаушы 27 сәуірде сот алдында жауап береді. Оған зорлық-зомбылық қылмысын жасау кезінде атыс қаруын қолдану және офицерге шабуыл жасау айыптары тағылады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптің журналистермен кешкі асы кезінде оқ атылып, президенттің эвакуцияланғанын жазған едік.