Қоғам

Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға сот үкімі шықты

Блогеры Жанабыловы отправлены под домашний арест по делу с розыгрышами
Жанабыловтарға сот үкімі шықты/фото: Instagram

Астана сотында ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға үкім шықты.

Қылмыстық істі қараған судья Әділбек Баймаханов шығарған үкімге сәйкес, Жанабылов мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде сотталды. Сондай-ақ Ерболат Жанабылов пробациялық бақылауда болады.

Эльмира Төлегенова мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.

Сондай-ақ мемлекет пайдасына 8 автокөлік тәркіленді.

Бұған дейін прокурор Олжас Хайруллаев  Ерболат Жанабыловты мүлкін тәркілеп, екі жылға шартты түрде соттауды сұрады.

Қылмыстық іс

Қылмыстық іс 2026 жылдың наурызында басталды. Тергеу дерегіне сәйкес, 2025 жылы блогерлер аса ірі көлемде ақша табу мақсатында қылмыс жоспарын құрған. Алайда оқырмандар 30 мың теңгеге сатып алатын видеокурстардың білім беру және экономикалық мәні болмаған. Сондай-ақ бұл курстар бұрын да басқа платформаларда жарияланған.

Бұған дейін қылмыстық істегі прокурор Олжас Хайруллаев қылмыстық іс бойынша сот сараптамасы жүргізілгенін, соған сәйкес блогерлердің 247 млн теңгені қылмыстық жолмен тапқаны анықталғанын айтты