
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елге ресми сапармен келген Израиль президенті Ицхак Герцогты салтанатты түрде қарсы алды.
Президенттер бір біріне делегация мүшелерін таныстырғаннан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің әнұрандары орындалды.

Израиль президентінің ресми сапары экономика, технология және инвестиция сияқты салалардағы ынтымақтастыққа жаңа серпін береді деп күтіліп отыр. Қазақстан халықаралық байланыстарын нығайта отырып, өзін Еуразия кеңістігіндегі маңызды серіктес ретінде танытуды жалғастырып келеді.
Израиль президентінің сапары барысында екі ел басшылары өзара қарым-қатынастың негізгі мәселелері мен болашақтағы бірлескен жұмыс жоспарларын талқыламақ.
Бұған дейін Президент Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады.