Жаңалықтар

Тоқаев ОАР президентін құттықтады

фото: akorda.kz
фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африка Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады.

Қазақстан президенті әріптесі Сирил Рамафоса мен оның отандастарын Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық мейрамы – Бостандық күнімен құттықтады.

«Президент ОАР Қазақстанның Африка құрлығындағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында дәстүрлі достық пен түсіністікке негізделген ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Тоқаев Сирил Рамафосаның жауапты қызметіне толайым табыс, ал Оңтүстік Африка халқына бақ-береке тілеген.

Мұның алдында президент Астанада Оман премьер-министрінің орынбасарын марапаттаған еді.