Қоғам

Жанабыловтардың 315 млн теңге тұратын көліктері өздеріне қайтарылатын болды

Жанабыловтарға сот үкімі шықты/фото: kursiv.media

Ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегенованың 315 млн теңге тұратын көлігі өздеріне қайтарылатын болды. Бұл туралы сот үкімінде айтылған.

Бұған дейін ерлі-зайыптының екі көлігінің құны қылмыстық істегі шығыннан асып түсетіні айтылды: 2024 жылғы Lamborghini Urus автокөлігінің құны – 237 млн теңге. Ал Эльмира Төлегенованың Lexus LX 600 көлігі 78 млн теңге тұрады.

Қылмыстық істегі жалпы шығын – 247 млн теңге.

Бұған дейін Астана сотында ерлі-зайыпты блогер Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға үкім шықты. Үкімге сәйкес, Жанабылов мүлкі тәркіленіп, екі жылға шартты түрде сотталды. Сондай-ақ Ерболат Жанабылов пробациялық бақылауда болады.

Эльмира Төлегенова мүлкі тәркіленіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын өтеу мерзімі 2 жылға кейінге қалдырылды.