Қоғам

Ақтау шекарасы үш есе ұлғайды

Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды/фото: shutterstock

Ақтау қаласы аумағы 94 642 гектарға ұлғаяды. Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды.

Қаулыға Маңғыстау облысы мәслихаты шешімі және облыс әкімдігінің «Маңғыстау облысы Ақтау қаласының шекарасын өзгерту және белгілеу туралы» қаулысы себеп болған.

Осылайша Каспий теңізінің 94 642,2062 гектар жері ресми түрде Ақтау қаласына өтеді.

фото: telegram/prg_jur

Өзгерістен кейін Ақтау қаласының жалпы аумағы 124 491 гектар болды, бұған дейін 29 849 гектар болған.

Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспийді қорғау үшін аймақта әскери қару қолданбауды ұсынды.

Одан бөлек өңірде Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты құрылды. Былтыр ұйымға Үкімет резервінен 305 млн теңге бөлінген