Жаңалықтар

Көкшетауда нан комбинаты маңындағы қою түтін тұрғындарды шошытты

Көкшетауда нан комбинаты маңындағы қою түтін тұрғындарды шошытты / Фото: t.me/dchsakmol, бильд-редактор: Адэлина Мамедова

Әлеуметтік желілерде Көкшетаудағы қою қара түтін бейнеленген видеолар пайда болды. Кадрларды бірнеше шағын ауданның тұрғындары жариялады. Көкке көтерілген түтін алыстан көрінген.

Куәгерлердің айтуынша, өрт нан комбинаты ауданында болған.

Ақмола облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ЖШС-лердің бірінің аумағында пластик қалдықтары жанған. Өртсөндірушілер оқиға орнына жедел жетіп, тілсіз жауды ауыздықтады.

«Өрттің аумағы 30 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себебі – дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы», – деп хабарлады ведомстводан.