
Қазақстандағы алтын өндіруші ірі компанияның бірі – «Алтыналмас» 2025 жылдың ІІІ тоқсаны үшін акционерлеріне 92 млрд теңгеден аса дивиденд төледі. Бұл шешім қоғам акционерлерінің кезектен тыс жиналысында қабылданған.
Ал таза табыстың қалған бөлігі компанияны дамытуға жұмсалмақ.
Дивиденд сомасы әрбір жай акциясына шаққанда 9 455 теңгеден келеді. Пайданы бөлу және төлем жүргізу компания несие алған банктердің келісімінен кейін төленуге тиіс.
Дивиденд алуға құқылы акционерлердің тізімі 2026 жылдың 23 сәуірінде бекітіліп, ақшалай төлемдер 24 сәуірден бастап акционерлердің есепшоттарына аударыла бастаған.
Сонымен қатар жиналыс барысында компанияның өндірістік қуатын арттыру мақсатында жер қойнауын пайдалану құқығы бар жаңа ұйымдардың үлесі мен акцияларын сатып алу туралы шешім қабылданған.
Ашық дерекөзге сәйкес компанияның 8 акционері бар, олардың ішіндегі ең ірісі – нидерландылық Gouden Reserves B.V. (66,39%) және кәсіпкер Владимир Жұманбаев (23,2%). Алайда нарықта компанияның меншік иесі ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған. Соған сүйенсек, кәсіпкер Шахмұрат Мүтәліп «Алтыналмас» компаниясының 100% акциясын сатып алуды жоспарлап отыр.