Жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: «ПСЖ» – «Бавария» – 5:4

Лига чемпионов, ПСЖ, Бавария

Чемпиондар лигасының алғашқы жартылай финалдық кездесуінде ПСЖ өз алаңында Мюнхеннің «Бавариясын» қабылдады. Өте тартысты әрі нәтижелі өткен ойын алаң иелерінің 5:4 жеңісімен аяқталды.

Бірінші тайм

Кездесудің 17-минутында «ПСЖ» қақпасына пенальти белгіленді Вильям Пачо өз айып алаңында Луис Диасқа қарсы ереже бұзды. Нүктеге келген Харри Кейн мүмкіндікті мүлт жібермей, есеп ашты.

Алайда париждіктер тез ес жиды.

24-минутта Хвича Кварацхелия қапталдан айып алаңына басып кіріп, Мануэль Нойер қақпасының алыс бұрышын дәл көздеді – 1:1.

33-минутта Усман Дембеле бұрыштамадан асырған допты Жоау Невеш қақпаға бағыттап, «ПСЖ»-ны алға шығарды. Көп ұзамай «Бавария» сапынан Майкл Олисе таразы басын теңестірді.

Дегенмен бірінші таймның соңында Альфонсо Дэвис өз айып алаңында допты қолмен ойнап, төреші тағы да пенальти белгіледі. Дембеле соққыны сәтті орындап, командасын үзіліске басымдықпен алып шықты (3:2).

Екінші тайм

Екінші кезеңнің басында «ПСЖ» қарқынын үдетіп, есеп айырмасын ұлғайтты. 56-минутта Кварацхелия дубль жасаса, араға екі минут салып Дембеле де екінші голын соқты. Есеп 5:2-ге жетіп, «Бавария» қиын жағдайда қалды.

Бірақ мюнхендіктер берілген жоқ:

Дайо Упамекано есепті қысқартты. Көп ұзамай Луис Диас гол соғып, айырмашылықты тағы бір голға дейін азайтты.

Матчтың соңына дейін қос командада да гол соғатын мүмкіндіктер болғанымен, есеп өзгеріссіз қалды.

Қарымта кездесу 6 мамыр күні Мюнхендегі «Альянц Арена» стадионында өтеді. Финалға кімнің шығатыны сол ойында шешілмек.