
Елде 12 мың адам 18 млрд теңге алимент төлемей жүр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында әділет вице-министрі Бекболат Молдабеков айтты.
«Қазақстандықтардың алимент бойынша 18 млрд теңге қарызы бар. Алимент төлеушілердің саны – 12 мың адам», – деді вице-министр.
Айтуынша, енді «Әділет» жүйесі арқылы бұрынғы ерлі-зайыпты жүргізілген төлемдерді бақылай алады.
«Көп жағдайда бұрынғы ерлі-зайыпты бір-бірімен мүлде араласпайды. Салдарынан жеке сот орындаушылары күйеуі жіберген қаражатты әйеліне аудармай қоюы мүмкін. Екі тарап ақшаның түсіп-түспегенінен бейхабар болады. Бұрынғы күйеуі ақша жібергенімен, жеке сот орындаушысы жылдар бойы аудармаған болуы мүмкін. Ал ақпараттық жүйе ақша түскен кезде бірден хабарлама жібереді», – дейді вице-министр.
Бұған дейін депутаттар Қазақстанда алимент қорын құруды ұсынды.