
Бүгін футболдан Қазақстан кубогының 1/8 финалдық кезеңі аясында бес тартысты кездесу жоспарланған. Жанкүйерлерді «Астана» мен «Тобыл», «Қайсар» мен «Қайрат» арасындағы текетірестер күтіп тұр.
Футбол күні ерте басталып, кешке дейін жалғасады:
- 14:00 – «Оқжетпес» – «Жеңіс»
- 15:00 – «Ертіс» – «Қызылжар»
- 16:00 – «Атырау» – «Жетісу»
- 18:00 – «Астана» – «Тобыл»
- 20:00 – «Қайсар» – «Қайрат»
Ойынды қайдан көруге болады?
Футбол сүйер қауым 1/8 финалдық ойындардың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасы мен KFF League ресми YouTube арнасынан көре алады.
Оқжетпес – Жеңіс

Ертіc – Қызылжар

Атырау – Жетісу

Бүгінгі ойын күнінің басты оқиғасы – елордалық «Астана» мен қостанайлық «Тобылдың» кездесуі болмақ. Сондай-ақ, Қызылордадағы «Қайсар» мен алматылық «Қайрат» арасындағы матч та жанкүйерлердің үлкен қызығушылығын тудырып отыр.
Астана – Тобыл

Қайсар – Қайрат

Еске сала кетейік, бұған дейін Британдық «Тоттенхэмнің» экс-директоры Қазақстан футбол федерациясына басшылық қызметке тағайындалған еді.