
2025 жылғы сәуірде жөндеуге жабылған Павлодар әуежайының қашан ашылатыны мәлім болды. Өңір әкімдігі құрылыс барысы туралы ақпарат жариялады.
Құрылыс аяқталып қалды
Ресми мәліметке қарағанда, қазір әуежайдағы құрылыс жұмыстарының «51%-ы орындалды». Атап айтқанда, ұшу-қону жолағы ұлғайтылып, ұзындығы 17,2 км болатын қоршау орнатылған. Жарықтандыру мен бейнебақылау жүйелерінорнату аяқталды. Бұған қоса, қажетті жабдықтардың бәрі сатып алынды.
Қазір онда асфальт төсеп жатыр. Жұмыс 70-тен астам астам маман, 25 арнайы техника жұмылдырылған.

Әуежай қашан ашылады
Әкімдің мәліметінше, әуежайдағы құрылыс жұмыстары 2026 жылғы шілде айында аяқталады. Ал терминал тамыздың соңына қарай іске қосылады.
Шамамен сол уақытта Астана және Алматы қалаларына ұшақ қатынай бастайды. Павлодарда жаңа ішкі рейстер ғана емес, халықаралық бағыттар да ашылады.
Облыс әкімі Асайын Байхановтың айтуынша, жөндеу жұмыстары әуежайды халықаралық қауіпсіздік стандарттарына сәйкестендіруге бағытталған. Өңір басшысы оны «өте маңызды инфрақұрылым жобасы» деп сипаттаған. Әкім әуежай құрылысын кешіктірмей аяқтауды тапсырды.
Бұған дейін Kursiv.Media әкім Асайын Байханов маса мен шіркейге қарсы күресті бастағаны туралы жазған. Сол үшін облыс әкімдігі 13 млрд теңгеге тендер ойнатқан. Оны жергілікті кәсіби палуанның клининг фирмасы жеңіп алған.