Жаңалықтар

Павлодарда рэпер Иманбек полицейлермен бірге патрульге шықты

Imanbek снова номинировали на «Грэмми»
фото: instagram/imanbekmusic, бильд-редактор: Дастан Шанай

Павлодар облысында әйгілі рэпер Иманбек полиция қызметкерлерімен бірге жолға шығып, арнайы акция өткізді. Бұл туралы полиция департаменті хабарлады.

Танымал музыкалық продюсер, «Грэмми» сыйлығының иегері құқық қорғау органдарының өкілдерімен бірге жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.

Рейд барысында көлік иелеріне жылдамдық режимін сақтауды, қауіпсіздік белдігінің маңызы, мас күйінде рөлге отырмау туралы ескертті. Ұйымдастырушылар мұндай бастамаларға танымал тұлғаларды тарту маңызды хабарламаларды қалың көпшілікке, әсіресе жастарға жеткізуге көмектесетінін атап өтті.

Облыс прокуратурасы жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету ортақ жауапкершілік екенін алға тартып, барлық жол қозғалысына қатысушыларды мұқият әрі тәртіпті болуға шақырады.

Соңғы уақытта тәртіп сақшылары жолдағы тәртіпті күшейтуге ерекше ден қойып жатыр. Жақында ІІМ  орташа жылдамдықты бақылау жүйесі енгізіліп«жасырын» патрульдер көбейетінін ескерткен. Ал жарық шағылыстыратын белгісі жоқ көліктер техникалық байқаудан өтпей қалады.