
Германияда Ресей пайдасына тыңшылық жасады деген күдікпен қазақстандықтың ұсталғаны туралы хабарламалардан кейін ҚР СІМ ГФР-дің құзыретті органдарына ресми сауал жолдады.
Қазір сыртқы саясат ведомствосы неміс тарапынан жауап күтіп отыр. Сондай-ақ, СІМ бұл мәселе бақылауда екенін айтты.
Мәселенің мәні
Айта кетейік, Қазақстан азаматы Сергей К. 28 сәуір күні Германияның Федералдық прокуратура оны тұтқындап, оның тұрғынжайы мен тағы бір айып тағылмаған тұлғаның үйіне тінту жүргізгенін жазған едік.
Бас прокурор Сергейді ресейлік барлау қызметінің агенті ретінде әрекет етті деп айыптап отыр. Тергеу мәліметінше, ол Германияның Украинаға көрсетіп жатқан әскери көмегі мен неміс қорғаныс өнеркәсібі туралы деректерді, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары мен роботтарды құрастыратын компаниялар туралы мәліметтер берген.
29 сәуір күні Сергей К. Федералдық соттың тергеу судьясына жеткізіледі. Содан кейін оны қамауға алу туралы шешім қабылданып, тергеу изоляторына жіберілуі мүмкін.