Жаңалықтар

Чемпиондар лигасы: «Атлетико» мен «Арсенал» тең түсті

Арсенал, Атлетико, Лига чемпионов
Фотт: UEFA

Мадридтік «Атлетико» мен лондондық «Арсенал» Чемпиондар лигасы жартылай финалының алғашқы кездесуінде тең ойнады. «Рияд Эйр Метрополитано» стадионында өткен тартысты матч 1:1 есебімен аяқталды.

Ойын барысы

Кездесудің бірінші таймы аяқталар тұста қонақтар есеп ашты. 44-минутта Виктор Дьекереш пенальтиді мүлтіксіз орындап, «Арсеналды» алға шығарды. Алайда үзілістен кейін алаң иелері таразы басын теңестіре алды: 56-минутта Хулиан Альварес те он бір метрлік айып добын сәтті жүзеге асырды.

Екінші таймда мадридтік клуб басымдыққа ие болып, бірнеше қауіпті сәт тудырғанымен, жеңіс голын соға алмады. Осылайша, финалға кімнің шығатыны қарымта қайтару ойынында белгілі болады.

Қарымта матч 5 мамыр күні Лондонда өтеді. Бұл жұптың жеңімпазы финалда «ПСЖ» – «Бавария» текетіресінің үздігімен кездеседі.

Кеше өткен алғашқы ойында «ПСЖ» өз алаңында «Баварияны» 5:4 есебімен ұтқан еді.