
АҚШ-тың Ирандағы соғысы әзірге 25 млрд долларға түсті. Пентагон өкілі алғаш рет Таяу Шығыстағы әскери жанжал шығынын атады. Бұл туралы Reuters жазды.
Қорғаныс министрлігінің өкілі Джулс Херсттің айтуынша, шығындардың көп бөлігі қару-жараққа жұмсалған. Шенеунік Конгресстің Қауымдар палатасында есеп берген.
Reuters 25 млрд доллар НАТО-ның биылғы бюджетіне тең екенін атап өтті. Басылым Пентагонның мұндай санды қайдан алғаны әзірге түсініксіз екенін ескертіп өтті. Мәселен, президент Дональд Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың алғашқы алты күні кемі 11,3 млрд доллар шығын әкелгенін мәлімдеген.
Қорғаныс минисрі Пит Хегсет заң шығарушыларға шығын өзін ақтайтынын, өйткені АҚШ Иранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтінін түсіндіруге тырысқан. Алайда Конгресстегі демократтар америкалықтардың басым бөлігі қолдамайтын соғысты сынаған.
«Иранның ядролық қаруы болмас үшін қанша төлер едің? Құны қанша болар еді?» – деп қарсы сауал бастаған министр.
АҚШ пен Израиль күштері 2026 жылғы 28 ақпанда Иранда әскери операциясын бастады. Екі айға созылған қарулы жанжал әлем экономикасына, соның ішінде мұнай бағасына әсер етіп жатыр.