
Шаңсорғыштарымен танымал Dreame Technology «Dreame Next» іс-шарасында алғашқы көлігін таныстырды.
Carnewschina ақпаратына қарағанда, аталған қытайлық компания Nebula Next 01 Jet Edition моделін ұсынып отыр. Көлік екі зымыран үдеткішімен жабдықталған. 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 0,9 секундта жетеді.
Компания 2017 жылы құрылған. Бұған дейін ақылды тұрмыстық техника шығарумен айналысқан. Енді олар жылдамдығы бойынша Bugatti Chiron-мен бәсекелес болуды көздеп отыр.
Көлік ерекше қозғалтқыш жүйесімен жабдықталған. Толық электронды түрде басқарылады. Автономды жүргізу жүйесі жасанды интеллектке негізделген. Сондай-ақ 600 метрге дейін нысандарды анықтайтын LiDAR бар. Салоны «ақылды».
Таныстыру рәсіміне қатысқан Себастьян Трун бұл жобаны аэроғарыш технологиясы, жасанды интеллект және автопромның тоғысуының жарқын үлгісі деп бағалады.
Айта кететін жайт, Ferrari жақында бюджетті суперкар шығарды.