Жаңалықтар

Шымкентте ата-аналар тегін жүзу секциясы үшін таңнан кезекке тұрған

фото: shutterstock
фото: shutterstock

Шымкентте балаларын жүзу секциясына жаздыру үшін ата-аналар таңнан кезекке тұрып, арты у-шуға айналды.

Бұл туралы әлеуметтік желілерде бейнежазба тарады. Онда шымкенттік ата-аналардың балаларын жүзу секциясына жаздыру үшін жаңа Оқушылар сарайына кіруге тырысып жатқаны көрінеді.

Есік алдында сарай қызметкерлері кезекке тұрғандардың легін бөгеп тұр. Наразы ата-аналар айғай-шу шығарып жатыр.

Сөйтсе, жүзуге қатысу тегін болғанымен, жазылу оңайға түспейді екен. Бар болғаны 50 орын ғана бар.

«Үлгеріп қаламыз» деген үмітпен адамдар түннен бастап кезекке тұрған. Ал білім басқармасы мұндай қарбаласты ерекше жағдай деп санамайды. Оны Шымкентке тән демографиялық өсіммен түсіндіріп отыр.

Мұның алдында Шымкентте жолдағы жанжал жаппай төбелеске ұласқан еді.