Қоғам

Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрін қабылдады

Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрін қабылдады/фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдады.

Ақорданың хабарлауынша, кездесуде президент бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды нақты жүзеге асырудың, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды екенін айтқан.

«Кездесуде Ресей президенті Владимир Путиннің мамырдың соңында Қазақстанға жасайтын сапарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы Астана бұл уақиғаға айрықша мән беріп отырғанын жеткізді», – делінген ақпаратта.

Тоқаевтың сөзінше, бұл сапар екі елдің одақтастық қатынастарын ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.

Сергей Лавров мемлекет басшысына Ресей президентінің сапарына әзірлік барысы туралы ақпарат берді. Қазақстан мен Ресей арасындағы көпжоспарлы ынтымақтастықтың басты мәселелері үкіметтер мен сыртқы істер министрліктері деңгейінде пысықталып жатқанына тоқталды.

Бұған дейін Лавров Еуропа елдеріне қатысты кезекті рет өткір айыптаулар жасап, онда «нацизмнің жаңа формада жаңғырып жатқанын» мәлімдеді