
Астанада өтетін Qazaqstan Barysy Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылардың алдын ала тізімі жарияланды. Жарыс 8–10 мамыр күндері өтеді.
Федерация баспасөз қызметінің мәліметінше, Қазақстан құрамасынан 53 спортшы бақ сынайды, оның 28-і ер адам, 25-і әйел.
Ерлер
60–73 келі салмақ дәрежелерінде Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы, Ғұсман Қырғызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев, Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин, Ерсұлтан Дүйсенхан және Ануар Жұмагелдин бақ сынайды.
Ал 81–90 келі салмақ аралығында Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов, Айдар Арапов, Айбол Нысанәлі, Барақ Арқабай және Ақжол Дүйсенбаев өнер көрсетеді.
100 және +100 келі салмақ дәрежелерінде Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов, Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай және Еламан Ерғалиев күреседі.
Әйелдер
48–57 келі салмақ дәрежелерінде Аяна Дүйсенбай, Диана Буркеева, Іңкәр Құралбай, Тасним Абдуәли, Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Сұпығалиева, Дана Әбдірова, Бақыт Құсақбаева, Карина Қаракенова және Дина Мұханбет бақ сынайды.
Ал 63–70 келі аралығында Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Куюлова, Дамеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова, Ажар Асхат және Мөлдір Нарынова өнер көрсетеді.
78 және +78 келі салмақ дәрежелерінде Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева, Ақерке Рамазанова, Аида Тойшыбекова, Камила Берліқаш және Назгүл Маратова күреседі.
Турнирге 39 елден 319 спортшы қатысады. Жалпы 14 жүлде жиынтығы сарапқа салынады (ерлер мен әйелдер арасында жетіден).
Бұған дейін Қазақстан құрамасы Қытайда өткен Азия чемпионатында өнер көрсетті. Жеке есепте спортшыларымыз бір алтын және төрт қола медаль жеңіп алды. Құрлықтық біріншілікте Аділет Алмат жеңімпаз атанды.