
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елдегі этностар жөнінде деректерді жариялап, саны жағынан ең көбін атап өтті.
2026 жылғы 1 наурыздағы мәлімет бойынша, Қазақстан халқының саны 20 532 240 адамды құрайды.
Ең көп үлеске қазақтар ие. Одан кейін орыстар, өзбектер, украиндар және ұйғырлар тұр. Ірі этностық топтардың ішінде немістер, татарлар, әзербайжандар, корейлер, түріктер, дүнгендер, белорусьтер, тәжіктер, күрдтер және қырғыздар бар.
- Қазақтар – 14 664 202
- Орыстар – 2 943 022 3.
- Өзбектер – 695 557 4.
- Украиндар – 367 547 5.
- Ұйғырлар – 309 164
- Немістер – 222 890
- Татарлар – 218 361
- Әзербайжандар – 157 568
- Кәрістер – 120 821
- Түріктер – 93 234
- Дүнгендер – 88 165
- Беларусьтер – 73 788
- Тәжіктер – 61 307
- Күрдтер – 52 077
- Қырғыздар – 41 459
Аймақтар бойынша деректер елдің әр өңірінде белгілі бір этностардың тығыз орналасқанын аңғартады. Мәселен, ең көп қазақтар Түркістан облысы аумағында тұрады – шамамен 1,6 млн адам. Орыстардың ең көп саны Алматы қаласында шоғырланған – 428 мың адам. Өзбектер арасында да көшбасшы өңір – Түркістан облысы, мұнда 404 мың адам тұрады. Украиндар бойынша алда Қостанай облысы – 83 мың адам. Ал жалпы саны 309 мың ұйғырдың 124 мыңы Алматы қаласында тұрады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Токаев отандастарды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтады.